Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жастар саясаты > Бізге бір ғана нәрсе жетіспейді, ол — табиғатқа жанашырлық

Бізге бір ғана нәрсе жетіспейді, ол — табиғатқа жанашырлық

Тамирлан АМАНЖОЛОВ

Zhubanov University​ «Экология» мамандығын бітіруші, «Үздік диплом» иегері

-Экология саласы көпжақты, қай бағытында еңбек еткіңіз келеді?

-Мамандығым бойынша әзірге теориялық білімімді тереңдеткім келеді, ал келешекте әрине практикалық тұрғыдан да танымымды кеңейту жоспарымда.

Өңірдің экологиялық ахуалы төмен. Енді маман ретінде жағдайдың жақсаруына үлес қосқыңыз келетін болар.

-Ақтөбе қаласының экологиялық проблемалары және оларды шешу баршамыз үшін қол жеткізуге болатын мақсат. Мұндай мәселелерді шешу өткір және батыл әрекеттерді талап етеді. Мен жағдайдың жақсаруын мына шешімдерден көремін:
1. Экологиялық проблемалармен күресу және қоғамды тәрбиелеу бөлімін құру.
2. Ақтөбе қаласының тұрақты экологиялық мониторингін жасап отыру.
3. Барлық жерге экологиялық құқық бұзушылықтарды бақылайтын камералар орнату.

— Айттыңыз ғой, табиғатты сүйемін, эколог болғасын оны аялау керек екенін жақсы түсінемін деп. Табиғатты аялаушылардан оған зиян келтірушілер салмағы ауырлау екені белгілі. Не қажет? Қоғамды тәрбиелеу бөлімін ашу деген жақсы идея екен. Бірақ.. Мүмкін заңдарға арнайы өзгеріс енгізу керек пе..

-Қоғам мүшелерін табиғатты қорғауға және сақтауға үйрету үшін барлық болып жатқан экологиялық оқиғалардың эпиорталығын көрнекі түрде көрсету қажет. Бұл адамға қоршаған ортаның зиянды факторларының оған тікелей зардабы бар екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Жас маман болғасын идея көп болар, өз тарапыңыздан экологиялық мәселелерді шешуге қандай қадам жасамақсыз?

-Қазір 21- ғасыр, бізге заманауи шешімдер қажет, ал экологиялық болашақты дамыту үшін бізге бір ғана нәрсе жетіспейді, ол — табиғатқа жанашырлық.

-Ешқандай экологияға қатысты мәселесі жоқ елдер бар ма? Олардан қандай үлгі алуға болар еді?

-Германияда керемет нәтижелер. Бұл елден экологиялық идеяларды ғана емес, қоғамынан да үлгі алу керек.

Студенттік кез аяқталды. Қалай өтті?

-Өткен төрт жылдың ішінде мен көп нәрсені үйрендім, түсіндім. Студенттік өмір, менің белсенді студент болуым тұлға ретінде​ қалыптасуымда орасан рөл атқарды.
Мен өзімді​ жауапты, стреске төзімді, көпшіл, адал адаммын деп санаймын. Студенттік жылдарда көшбасшылық, жүйелі ойлау, позитивті көзқарас сияқты дағдыларды бойыма жинақтадым. «Үздік студент» медалімен марапатталдым.

Жеке жоспарыңызда алдымен қандай міндет тұр?

-Әрине, ең алдыңғы міндет игерген мамандығымды кәдеге жарату, жұмысқа орналасып, экологиялық білімімді таратумен айналысу.

Сәттілік, Тамирлан!

Гүлнара Қараша
Zhubanov University облыстық газеті, № 6(486), маусым, 2023 ж.