Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады

Ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады

Бүгін Қытай Халық Республикасының Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің өкілдері Жұбанов университетінің басшылығымен және Конфуций институтының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров кіріспе сөз алып, университеттің Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен байланысы тығыз екенін атап өтті. Соның ішінде Синьцзян қаржы-экономикалық университетімен 10 жылдан астам уақыттан бері ынтымақтастық аясында білім және ғылым саласында бірлескен жобалардың жүзеге асып келе жатқандығына тоқталды.

Өз кезегінде қытайлық әріптестер тарапынан сөз алған Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің қытай тілі мен мәдениеті институты директорының орынбасары Ню Чунян Ақтөбеге келу мақсаттары туралы айтып, мәдени алмасуды дамытудың маңыздылығын атады.

Сондай-ақ, басқосуда ынтымақтастықтың нысандары мен бағыттары, алдағы уақытта екіжақты жоғары оқу орындары арасындағы бірлескен іс-шараларды дамыту мәселелері талқыланды.