Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Республикалық волейболдан өткен турнирде Жұбанов университетінің командасы жүлделі орынға ие болды

Республикалық волейболдан өткен турнирде Жұбанов университетінің командасы жүлделі орынға ие болды

4-8 қазан күндері аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінен құралған ерлер құрама командалары арасында Республикалық волейбол турнирі өтті. Турнирге Алматы, Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларынан келген құрама командалар қатысып, өзара бақ сынасты.

Жарыс нәтижесінде Жұбанов университетінің командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Сонымен қатар университет студенті Диас Әділханов «Үздік қорғаушы» номинациямен марапатталды.  Айта кетейік, турнир Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 60 жылдық мерейтойына орай өткізілді.

Спортшыларымызды жүлдесімен құттықтаймыз!