Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әлемге әйгілі ғалым Жұбанов университетінің студенттері үшін семинарлар мен дәрістер өткізеді

Әлемге әйгілі ғалым Жұбанов университетінің студенттері үшін семинарлар мен дәрістер өткізеді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «2023 жылы шетелдік ғалымдарды тарту туралы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне Торонто университетінің (Канада) профессоры Стефан Арнольд Бари (Стефен Бахри) шақырылды. 2023 жылғы 8 қазан мен 3 қараша аралығында шетелдік ғалым ағылшын және неміс тілдері кафедрасының студенттері мен магистранттарына академиялық жазу бойынша дәрістер, профессор-оқытушыларға арналған әдістемелік семинарлар өткізеді. Сондай-ақ магистранттарға ғылыми жұмыс бойынша бағыт-бағдар береді.

️ 2017 жылы профессор Онтарио провинциясының балалар мен жастар мәселелері жөніндегі министрі Лаура Албанезеден еріктілер қызметі үшін сыйлығын алды.

2011 жылы салыстырмалы халықаралық білім беру қоғамы (Монреаль, Квебек) «Білім берудегі тілдік мәселелер бойынша үздік диссертациясы (2009/2010) үшін» марапаттады.

Оның зерттеулері ТДМ, Еуразиядағы (Ауғанстан, Орталық Азия, Солтүстік-Батыс Қытай және Украина) және Солтүстік Америкадағы сапалы білім мен экологиялық сауаттылыққа бағытталған.