Четверг, Май 2, 2024
Басты > Білім > Студенттер Ақтөбе ферроқорытпа зауытында тәжірибеден өтті

Студенттер Ақтөбе ферроқорытпа зауытында тәжірибеден өтті

Қазіргі таңда әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Осының негізінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Металлургия» білім беру бағдарламасымен білім алып жатқан 4 курс студенттері “Казхром” ТҰК АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының базасында тәжірибелік білімдерін жетілдіріп жүр.

Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеру мақсатында студенттерге “Ферроқорытпа өндірісінің теориясы мен технологиясы” пәні бойынша алғашқы дәрісті Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры, т.ғ.к. Е.Э.Абдулабеков оқыды. Сонымен қатар ERG ғылыми зерттеу инжиниринг басшысы т.ғ.к. М.С. Алмағамбетов студенттерге ферроқорытпа өндірісіне шикізатты дайындау бойынша зертханадағы қондырғылар мен технология ерекшеліктерін түсіндірді.

Бекітілген оқу жоспары негізінде студенттерге зауыттың әр цехтарында жекелеген теориялық дәрістер мен ферроқорыту технологиясы бойынша тәжірибелік сабақтар өткізіледі.