Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Малайзиялық ғалым Heriott-Watt University халықаралық факультетінің студенттеріне дәріс оқуда

Малайзиялық ғалым Heriott-Watt University халықаралық факультетінің студенттеріне дәріс оқуда

Heriott-Watt студенттері және «Мұнай-газ ісі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы электротехника және электроника инженериясы кафедрасының профессоры, Малайзия технологиялық кеңесінің кәсіби технологы энергия тиімділігін оқыту бағдарламасының директоры, 2019 жылғы Heriot-Watt University PRIME сыйлығының иегері Джасерн Пангпен кездесті.
Бұл Джасерн Пангтың Ақтөбе қаласына алғаш келуі. Ол университет студенттерінің ізденімпаздығына және жаңашыл көзқарастарына тәнті екенін жеткізді.
Кездесу барысында ғалым өзінің инновациялық жобаларымен таныстырды. «Смарт қала» және «смарт автокөлік» бағытындағы зерттеулерінің маңыздылығы туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, Джасерн мырза қазірден бастап жастар, әсіресе, жас инженерлер ғылыми-инновациялық зерттеулер жүргізіп, қоршаған ортаға қауіпсіз, тұрмысты жеңілдететін тың жобаларды ойлап табу керектігін атап өтті.
Жұбанов университетіне жаңа оқу жылы басталғаннан бері тәжірибе алмасу мақсатында Heriot-Watt университетінің профессорлары келді.
Айта кетейік, Heriot-Watt университетінің Ұлыбританияда, Малайзияда, Дубайда кампустары бар және төртінші кампусы Ақтөбеде Жұбанов университетінің базасында орналасқан.
Ұлыбританиялық Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалында «Компьютерлік инженерия», «Электр энергетикасы және мұнай инженериясы» және «Энергоменеджмент» үш білім беру бағдарламалары бойынша 300-ге жуық студент оқиды.