Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер Түркия және Польша елдерінің жетекші университеттерінде білім алады

Студенттер Түркия және Польша елдерінің жетекші университеттерінде білім алады

Жұбанов университеті физика-математика факультетінің 8 студенті 2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркия және Польша елдерінің жетекші жоғары оқу орындарында грант негізінде білім алуда.

«Физика» білім бағдарламасының 2 курс магистранттары Эльвира Маркабай, Наргиз Тілегенова және «Математика», «Информатика», «ІТ медицина» мамандығының 3 курс студенттері Жанель Жұмағалиева, Абдирахим Исмаилов, Нұрболат Кемелов Түркия еліндегі Хаджеттепе, Памуккале, Чанаккале, Костамону университеттерінде білімдерін жетілдіреді.

Ал «Математика» білім бағдарламасының студенттері Жанель Арманжанқызы, Нұрдәулет Самбаев және «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының студенті Сабина Кубиева Польша Республикасындағы Жешувск технологиялық университетінде оқуға мүмкіндік алды.

Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы шетелдік жоғары оқу орындарында оқу жастарға ғылыми зерттеу және білім беру саласында халықаралық тәжірибе алуға, практикалық дағдыларды кеңейтуге және тағы да басқа бірқатар перспективалық мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Олар осындай мүмкіндік үшін Жұбанов университеті басшылығына алғысын білдірді.