Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық компания жастарға мол мүмкіндіктер ұсынады

Халықаралық компания жастарға мол мүмкіндіктер ұсынады

Бүгін Жұбанов университетіне «Шлюмберже» (SLB) Халықаралық компаниясының өкілдері келді. Меймандар университеттің басқарма Төрағасы-Ректор Лаура Қарабасовамен кездесіп, бірлесе атқаратын жобалар жайында талқылады.

Сонымен қатар компания өкілдері оқу орнының техникалық мамандықтарда оқитын студенттерімен кездесті. Кездесу барысында студенттерге «Шлюмберже» Халықаралық компаниясы туралы айтып, жұмысқа орналасу және тәжірибеден өту мүмкіндіктері талқыланды.

SLB компаниясының Каспий өңірі бойынша персоналды іріктеу және университеттермен байланыс жөніндегі менеджері Гүлжан Қаңтарбаева компания табыстары, құндылықтары, қызмет көрсету сапасы мен атқаратын жұмыстары жайында айтып берді. SLB компаниясының ұңғымаларды цементтеу бөлімінің маманы Нұргүл Бейсова компания тәжірибе арттыру мен біліктілік базасын кеңейту үшін де қызмет ететінін атап өтті.

«Шлюмберже» еліміздің мұнай және газ өнеркәсібінің дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан ірі мұнай-сервис компаниясы. Әлемнің 120-дан астам елінде жұмыс істейді және оның құрамында 170-тен астам ұлттың 98 000-ға жуық қызметкері бар.

Кездесуде студенттер компания өкілдеріне білім беру бағдарламалары және жұмысқа орналасу бойынша көкейде жүрген сұрақтарын қойды.