Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттік емхана Ұлттық аккредиттеуден сәтті өтті

Студенттік емхана Ұлттық аккредиттеуден сәтті өтті

Жұбанов университетінің Студенттік емханасы Денсаулық сақтаудағы сапа бойынша аккредиттеу орталығы өткізген қызметті бағалау рәсімінен сәтті өтті. Емханаға Ұлттық аккредиттеудің ІІ санаты берілді.

— Аккредиттеу медициналық ұйым жұмысының басқару, медициналық қызметтерді ұсыну, емделушілердің қауіпсіздігі секілді аспектілерін талдау мен бағалауға көмектеседі. Бұл ұйымдағы кейбір кемшіліктер мен проблемаларды анықтауға және медициналық көмек сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Емхана ұжымы студенттердің денсаулығын қорғауда алдын алу мен ауруларын емдеудің кешенді шараларын жүзеге асыруда өз қызметтерін мүлтіксіз орындайды,-дейді емхана меңгерушісі Анаргүл Тукеева.

Айта кетейік, емхана студенттерге жедел медициналық, шұғыл стационарлық және амбулаторлық көмек, скринигтер, туберкулез кезінде кеңестік-диагностикалық көмек жұмыстарын тегін жүргізеді. Емхана барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған.