Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова студенттермен кездесті

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова студенттермен кездесті

«Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әсел Жанасова Жұбанов университетінде болып, студенттермен кездесу өткізді.

Кездесуде Әсел Жанасова өзінің шетелде білім алған кездерімен, еңбек жолымен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар «Қазпоштаның» қазір заманауи талаптарға сай жақсы қарқынмен дамып келе жатқаны жайында айтты.
— Біздің компания еліміздің барлық өңірінде пошта, логистикалық, қаржылық және агенттік қызметтерді ұсынады. Еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімшелерде 20 мыңнан аса қызметкер еңбек етеді. Қазіргі таңда «Қазпошта» арқылы шетелден тауарларды жеткізу жұмыстарын жетілдірудеміз. Бізге ІТ саласын меңгерген жас мамандар әркез сұранысқа ие, — деді ол.

Сондай-ақ, «Қазпошта» төрағасы компанияда Жұбанов университетінің көптеген түлектері жұмыс жасайтынын, олардың көбісі басшылық қызметтер атқаратынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, оқу жылының басында Жұбанов университеті «Қазпошта» АҚ Ақтөбе облыстық филиалымен серіктестік орнатты. Кездесуде ынтымақтастық аясында бірлесе атқаратын жұмыстар талқыланды.