Среда, Май 1, 2024
Басты > Жаңалықтар > Танымал өнертанушылар студенттерге қонақ дәрісін оқыды

Танымал өнертанушылар студенттерге қонақ дәрісін оқыды

Бүгін Жұбанов университетінде өнер саласының майталмандары бас қосты.

Олардың қатарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі, профессор Базарғали Жаманбаев, А.В.Нежданов атындағы Одесса ұлттық музыкалық академиясының профессоры Галина Шпак, Даугавпилс музыкалық колледжінің хор класының жетекшісі, дирижер Евгений Устинков, Аньян педагогикалық университетінің құрметті профессоры, доцент Инесса Бодяко, М.Магомаев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының Мемлекеттік капелласының дирижер-хормейстері Юлизана Кухмазова, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының камералық хор ұжымының көркемдік жетекшісі және дирижері, профессор Александр Соловьев, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хорының алғашқы көркемдік жетекшісі және дирижері Тұрым Алагөзов бар.

Танымал өнертанушылар кәсіби-шығармашылық факультетінің оқытушылары және студенттерімен кездесті. Олар өздерінің өнердегі тәжірибесімен бөлісіп, болашақ музыканттар мен мұғалімдерге музыка өнерінің даму перспективалары жөнінде қонақ дәрісін өткізді.