Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Филология факультетінде Рақымжан Отарбаевты еске алды

Филология факультетінде Рақымжан Отарбаевты еске алды

Жақында Жұбанов университетінің филология факультетінде жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Рақымжан Отарбаевты «Асау ғұмыр ағызып өте шықты» атты еске алу кеші өтті.

Әдеби мұрасын насихаттауға бағытталған осы шара қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ә.Ж.Ұлықпанованың бастамасымен онлайн форматында өткізілді.

Кездесу барысында Рақымжан Отарбаевтың әдебиеттегі орны, шығармаларының ерекшелігі, драматургияға әкелген жаңалығы жайлы еске алынды.

Профессор-оқытушы қауымы мен студенттер Р.Отарбаев қаламгер туралы танымал ақын-жазушылардың пікірлері мен жазушыға арналған жыр жолдарынан үзінділерді оқып, ой тұжырымдарымен бөлісті.