Среда, Май 1, 2024
Басты > Құттықтаулар (Страница 10)

Кубокты жеңіп алды

Көкшетау қаласында өткен Киокушинкай-кан каратэдан Қазақстан Республикасының кубогында Жұбанов университетінің студенті Жасұлан Ахтаев жүлделі бірінші орынға ие болды. Ол еліміздің 14 облысынан 500-ге жуық спортшы бас қосқан додада 75 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басымдық танытып, спорт шебері дәрежесін орындады. Жас спортшымызды жетістігімен құттықтаймыз!

Көбірек

Ел ұлықтаған ұлы күн

Жұбанов университеті ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін  тойлауды жалғастыруда. Бүгін оқу орнының студенттері мен педагогтары қалалықтармен бірге Наурызды атап өтті. Мерекелік шараға облысы әкімі Оңдасын Оразалин,  облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова арнайы қатысты. Қаламыздағы Қобыланды батыр атындағы орталық стадион алаңында университеттің екі бірдей киіз үйі тігілді. Оқу орнының профессор-оқытушылары мен

Көбірек

Құрметті ақтөбеліктер, қадірменді жерлестер!

Күн мен түнді теңестіріп Ұлыстың ұлы күні — Наурыз да келді. Шүкір, қалың қыстан да аман шықтық. Қардың көбесі сөгіле бастады, күннің шуақты сәулесімен ылғал жерге терең сіңіп, ырыс пен берекенің бастауы болар деп үміттенеміз. Лайым солай болғай! Наурыз мейрамы — ежелден келе жатқан жыл бастауы, жаңару мерекесі. Тамыры тереңге бойлаған

Көбірек

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген Президент «Астана» алаңында өтіп жатқан мерекелік шараға арнайы барды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Наурыздың ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін мереке екенін атап өтті. – Әз Наурыз – береке-бірліктің, шынайы жанашырлықтың және өзара қамқорлықтың мейрамы. Мен бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу

Көбірек

Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. «Қымбатты қазақстандықтар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сан ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамы бүгінде ел бірлігінің, келісім мен тұрақтылықтың жарқын символына айналып отыр. Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған мереке ізгілік пен ынтымақ, татулық пен

Көбірек

Мемлекеттік наградамен марапатталды

Бүгін Жұбанов университетінің оқытушысы, ерікті жас Нарқозы Қартжан Мемлекет басшысының «Шапағат» медалімен марапатталды. Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды қорғауда және құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көрсеткен көмегі үшін еліміздің бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен

Көбірек

Бос білім беру гранттарының иегерлерін құттықтаймыз

2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жоғары білім алу процесінде магистратура және бакалавр бойынша  босаған бос білім беру гранттарының иегерлері анықталды. Иегерлер тізімі  Магистратура бойынша: Мақсұтова Ақмарал Мақсұтқызы (М019 Шет тілі мұғалімдерін даярлау) Мұқашева Жанна Амангелдіқызы (М019 Шет тілі мұғалімдерін даярлау) Мұқатова Ақерке Нұрланқызы (М021 Арнайы педагогика) Таймағамбетова Мөлдір Жалғасбаева (М017 Қазақ тілі мен

Көбірек