Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > Жастар саясаты (Страница 12)

Пікірсайыс алаңында — Жұбанов жастары

Жұбанов университетінің пікірсайысшылары Ақтөбе облысының жастар ресурстық орталығының қолдауымен жастар арасында турнир ұйымдастырды. Дебат сайысы тарихи тұлға Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналып, 50-ге жуық қатысушылардың басын қосты. Спикерлер өз сөздерінде Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, мәдениеті, экономикасы және тағы да басқа мәселелер туралы сөз жарыстырды. "Заман біздікі" клубының ұйымдастырушыларының айтуынша, осындай турнирлердің арқасында

Көбірек

Жас Жұбановшылар марапаты

Жас Жұбановшылар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық жастар сыйлығына ие болды. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасы мен жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Аталған жиында еліміздің саяси, мәдени және қоғамдық өміріне үлес қосқан бірқатар ақтөбеліктер марапатталды. Әрбір марапат иесіне диплом мен төсбелгі табыс етілді. Олардың қатарында Жұбанов университеті студенттері мен жас

Көбірек

Еріктілер марапатталды

Халықаралық волонтерлер күніне орай Ақтөбеде «Еңбегі еленген еріктілер» деген атпен облыстық волонтерлер кеңесінің форумы өтті. Жалпы, облыста 160-тан астам волонтерлік топ бар. Олар 5 мың шамасындағы ерікті жанның басын біріктіріп отыр. Волонтерлік топтар облыс орталығы ғана емес, аудандарда, соның ішінде ауылдарда да бар. Олардың қызметі сан түрлі салаға бағытталған: көше мен

Көбірек

Жастарға серпін беретін жоба

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде студент жастарға  арналған «Motivation»  жобасы бастау алды.  Негізгі мақсат — бейресми білім беру арқылы студенттердің жан-жақты дамуы мен қажетті өмірлік дағдыларын қалыптастыру. Аталмыш жоба аясында студенттер онлайн және офлайн форматта кездесулер мен  семинар-тренингтерге  қатысып,  өмірлік қажетті дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау, тайм-менеджмент секілді түрлі  қызықты тақырыптарды

Көбірек

Пікірсайыс турнирі өтуде

Осы демалыс күндері Жұбанов университетіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен белсенді жастар жиналды. Нұр-сұлтан, Алматы, Орал, Шымкент, Түркістан, Тараз және Ақтөбе қалаларынан келген жүзге жуық студент шешендік өнерге деген құштарлығы мен сыни ойлау қабілетін ортаға салды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Zhubanov CUP IV" республикалық пікірсайыс турнирін Жұбанов университетінің "Заман біздікі" дебат клубы

Көбірек

Маңызды мәселелер қамтылды

Бүгін Жұбанов университетінде кураторлар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл жиын куратор-эдвайзерлері мен кураторлар кеңесінің төрағаларының қатысуымен өткізіліп отыр. Аталмыш жиын  куратор жұмысын цифрландыру: артықшылығы мен тиімділігі, тәрбие жұмысын қалыптастырудағы куратордың рөлі,  студенттердің жұмыс жасауға дайындығын қалыптастыру, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ЖҚТБ)  мен адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) вирусы ауруларының алдын алу

Көбірек

Жас келсе, іске!

Өңір жастары өміршең әлеуметтік жобаларын жүзеге асыра алады. Ол үшін 31-ші қаңтарға дейін бизнес идеясын ұсынып, өтініші беруі тиіс. Қоғамға қажет, пайдалы ұсыныс айтылса мемлекет тарапынан қолдау болады. Бүгін Жұбанов университетінің қабырғасында мамандар жастармен жүздесіп, бастамаға қалай қаржы алуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндірді.     /aktobetv.kz/

Көбірек