Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жастарға серпін беретін жоба

Жастарға серпін беретін жоба

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде студент жастарға  арналған «Motivation»  жобасы бастау алды.  Негізгі мақсат — бейресми білім беру арқылы студенттердің жан-жақты дамуы мен қажетті өмірлік дағдыларын қалыптастыру.

Аталмыш жоба аясында студенттер онлайн және офлайн форматта кездесулер мен  семинар-тренингтерге  қатысып,  өмірлік қажетті дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау, тайм-менеджмент секілді түрлі  қызықты тақырыптарды меңгере алады.  Сондай-ақ жоба аясында облысымыздың жетістікке жеткен, үлгі  тұтарлық тұлғаларымен офлайн жүздесіп, өмір жолдарымен танысып  сұхбаттасуға мүмкіндік болады.

Жобаға халықаралық, республикалық және облыстық  деңгейде сертификатталған, әртүрлі салада тәжірибелері мол тренерлер шақыртылды.

«Motivation» жобасының ашылу рәсімі мен  үш күндік оқытудың  алғашқы күні өте әсерлі әрі пайдалы өтті.

— Жобаның алғашқы кезеңіне 60-қа жуық студент қатысып жатыр. Бұл жоба аясында жастар өздеріне көп мәлімет пен ақпарат ала алады. Мәселен, жастардың бәрінде арман болады. Сол арманға қалай жетуге болады деген сұрақтың жауабын осы жоба аясында ала алады. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар туралы толық мәлімет беріледі, — дейді жоба жетекшісі әрі тренері Нұрбақыт Алтынбекқызы.

 

Ақерке САТЫБАЛДЫ

 

/aqtobegazeti.kz/