Понедельник, Май 6, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 212)

Жеңімпаздар марапатталды

Бүгін "Жұбанов университетінің үздік жобасы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауға 55 қатысушы ниет білдірген, мұнда олар әдістемелік, әлеуметтік және стартап бағыттары бойынша өз жобаларын ұсынды. Байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде жобалар іріктелді. Финалдық кезеңге шығаруда университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының, «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоры, облыстық басқармалар мен Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерінен құралған

Көбірек

Дәстүрлі шара жалғасын тапты

Қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы ұстаз, ғалым Мұхтар Арынның есімі Ақтөбе жұртшылығына етене таныс. Әсіресе, аға буын өкілдері Ақтөбе өңірінің тарихын, тәуелсіздік жылнамасын осы тұлғаның өмірі мен қызметінсіз көзге елестете алмайды. 59 жасында фәниден озған Мұхтар Арын  ғұмырының соңғы 12 жылын (1983-1995 жылдары) Ақтөбеде өткізіп, өзі басқарған Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының өркендеп-дамуына

Көбірек

Кәсіподақтың марапатын иеленді

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Онлайн білім беру жағдайындағы ұстаздар шеберлігі» тақырыбында  облыстық кейс чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл шара  алғаш рет өткізіліп отыр. Кейс чемпионатына Жұбанов университеті, Ақтөбе жоғары полетехникалық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар

Көбірек

«Күміс университет» жобасы іске қосылды

Күміс университет - егде жастағы азаматтардың өмірі мен әлеуметтік белсенділігін асыру мақсатында оқыту. Бағыттары: компьютерлік сауаттылық; құқықтық сауаттылық; қаржылық сауаттылық; тіл курстары. Курстарды ЖОО оқытушылары өткізеді. Сабақтар 20 мамырда басталады. Байланыс үшін: 87029787246 - Каленова Сандуғаш Сансызбайқызы 87059174768-Кулдеева Гульбагдат Калекешовна banu06@mail.ru Мекен-жайымыз: Ә.Молдағұлова даңғылы, 34 үй (бас ғимарат), 1 қабат, 1Б кабинет.

Көбірек

Университет стартапшылары Елордада өз жобаларын ұсынады

Студенттік бизнес идеяларын жүзеге асыруға арналған Big Ideas Marathon алаңы биыл Қазақстандағы 26 команданың басын қосты.  Үздік бестіктің ішінде Жұбанов университетінің үш командасы бар. Марафон - ERG (Еуразиялық Топ) компаниясының "Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі" бастамасы аясында ұйымдастырылды. Басты мақсат - классикалық өңірлік оқу орындарын кәсіпкерлікке айналдыру, өңірлерде кәсіпкерлік қоғамдастықты және жастардың кәсіпкерлік дағдыларын

Көбірек

Университеттегі «үздік куратор» анықталды

Байқау Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  орай ұйымдастырылған «Үздік куратор-эдвайзер — 2021» байқауы өз мәресіне жетті. Байқау қорытындысы бойынша  «Үздік куратор-эдвайзер — 2021» номинациясын  Әлия Ұлықпанова жеңіп алды. Байқау топ куратор-эдвайзердің позитивті имиджін  нығайту, озық іс-тәжірибесін насихаттау және жаңа тұрпатты  маман, кемел адам қалыптастыруда куратор-эдвайзер мәртебесін көтеру мақсатында

Көбірек

Басқарма төрағасы Р.Бекназаровтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Қадірменді ақтөбеліктер!  Құрметті Жұбанов университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері!  Барлық мұсылман қауымы үшін ең айтулы ұлық мереке – Ораза айт мейрамы құтты болсын! Айт - ислам дінінің тарих қойнауынан жеткен адамгершілік пен ізгілікке, төзімділік пен игілікке, меймандостық пен татулыққа үндеген мереке.  Қасиетті мерекеде тілеген барлық тілектеріңіз қабыл болсын! Мұсылман баласының бойындағы имандылықты нығайтып, ізгілікке

Көбірек

Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. «Сіздерді исі мұсылман баласының ұлық мерекесі – ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын! Отбасыңызға бақыт пен береке, деніңізге саулық, жұмысыңызға табыс тілеймін. Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен

Көбірек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Ардақты ағайын! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды. Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді. Ораза айт әр адамның жүрегіне иман нұрын сеуіп, ізгілікке үндейді, жұртты жақсылыққа

Көбірек