Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > pressa (Страница 328)

Үкімет мүшелері Жұбанов университетіне келді

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік делегация Ақтөбе  облысына жұмыс сапарымен келді. Сапардың негізгі мақсаты – мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру. Ресми сапар барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин  Жұбанов университетіндегі жаңа өзгерістермен танысты. Университетке келген

Көбірек

Дөңгелек үстелде бас қосты

Жұбанов университетінің Тарих факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы  Ардахан университетінің (Түркия) профессоры,  PhD доктор Самет Азаппен кездесті. Дөңгелек үстел барысында білім беру жүйесіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар, ғылыми жобалар, мақалалар, білім беру әдіс-тәсілдері, кітап мәселелері, профессорлық-оқытушылық құрамның тәжірибе алмасуы сынды тақырыптар  сөз  болды. Басқосуда  Түркия ғалым Самет Азап  Жұбанов университетінің оқытушылары мен студенттеріне Түрік мемлекетінің тарихы мен

Көбірек

Бос білім беру гранттары

Қазан айының соңында білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. Комиссия құрамына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының, «Жас Отан» жастар қанатының, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және спорт министрлігі, Назарбаев зияткерлік мектептері, БАҚ, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «ADAL BILIM», «EDICH-KZ» өкілдері кірді.Бұл бос білім беру гранттары Үкімет

Көбірек

«Жұбанов шаңырақтары» мега жобасы құрылды

Өнер орталығының конференц-залында «Жұбанов шаңырақтары» мега жобасы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония арасында өзара ынтымақтастық, әріптестік қарым-қатынас орнату туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Негізгі мақсат — ұлт болашағы — жастардың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жандандыру. Жиын барысында аталған қос ұжымның басшылары Бауыржан Ердембеков

Көбірек

Қадамың құтты болсын, студент!

Студент ол жас ғалым, жас ізденуші. Кеше ғана мектеп табалдырығын тәмамдаған жас түлектер бүгінде студент атанып отыр. Сол секілді киелі қара шаңырақ – Жұбанов университетінің табалдырығын аттаған бірінші курс студенттері жаңа өмірдің алғашқы беттерін де ашып үлгерді. Әр аймақтан жиналып, жаңа ортаға түсіп, жаңа достар, бейтаныс қала, бейтаныс ұстаздар олар

Көбірек

Ғалымның шығармашылығына арналды

Филология факультетінде Құдайберген  Жұбановтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қ. Жұбанов лингвоәдіскер ретінде» атты ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинар түріктанушы, филолог, лингвист  Құдайберген  Жұбановтың шығармашылығына арналды. Семинар барысында факультеттің бірқатар оқытушылары мен магистранттары баяндама жасады. Ғылыми шарада профессор, педагогика ғылымдарының докторы  Бақытгүл Құрманова  «Қ.Жұбановтың еңбектеріндегі грамматиканы зерттеу ерекшеліктері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасаса,   магистрант  Расима

Көбірек

Ресейлік ғалым дәріс оқыды

Үстіміздегі жылдың қазан айының 21-і мен 1-і қараша айы аралығында Жұбанов университетінің филология факультетінде халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында филология ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценті Людмила Владимировна Балахонская дәріс берді. Людмила Балахонская аталмыш университттің журналистика және бұқаралық коммуникацияның Жоғары мектебінің бизнстегі қоғаммен жұмыс кафедрасында жұмыс істейді. Оның ғылыми қызығушылықтары: «Корпоративтік

Көбірек

Жас жұбановшыларды толықтырды

Жылдағы дәстүр бойынша Жұбанов университеті бірінші  курс студенттерін ресми түрде студенттер қатарына қабылдап, жас жұбановшылар қатарын толықтырды. Биылғы оқу жылында  университетке 5000-нан астам студенттер қабылданды. Олардың арасында «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық байқаулар, олимпиадалардың жеңімпаздары мен  мектепті үздік бітірген оқушылар да бар. Салтанатты шараны ашқан университет ректоры, профессор Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембеков студенттік өмірді

Көбірек

Ақтөбеде «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институты» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде  «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институты (Қалыбекұлы Сегізбай мен Алыбайұлы Сарышоңай билер мысалында)» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми шараға облысқа еңбегі сіңген бірқатар еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, үкіметтік емес ұйым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ардагер журналистер, тарихи тұлғалардың ұрпақтары мен қала

Көбірек