Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 490)

Жұбанов университеті өкілдері Хромтау ауданының ашық есік күніне қатысты

Хромтау ауданында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында «Мамандық таңдау - маңызды қадам» ашық есік күні өтті. Аталмыш шараның мақсаты – мамандық таңдау кезінде мектеп түлектерiне кәсіби бағдар бере отырып, оқушыларды мазалайтын сұрақтарға жауап табу және мамандық таңдау мүмкіндіктерін шешу. Ашық есік күніне Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин, Хромтау аудандық

Көбірек

Студенттер Жұбанов жылуын сыйлады

Жұбанов университетінің студенттерінің «Жұбанов жылуы» волонтерлық қаладағы «Жайна» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру стационарына барып,  қайырымдылық шарасын өткізді. Мақсаты – ерекше бүлдіршіндердің көңіліне қуаныш сыйлау. Шара барысында стационардағы ем алып жатқан балалардың сабақтарына қажетті сылдырмақтармен (музыкалық аспап), ойыншықтар тарту етілді.  Студенттер балалармен бірге ойын ойнап,  сурет салып, ән айтып, бірге демалды.  Қайырымдылық

Көбірек

Лондондық ғылыми қызметкерлер сабақ өткізді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жаратылыстану факультетінде Ұлыбританияның Лондон қаласынан Лондон гигиена және тропикалық медицина университетінің ғылыми қызметкері Соня Рего және Алан Туран атындағы Лондон университетінің ғылыми қызметкері Мэт Кушнер қонақта болды. Шетелдік қонақтар «Биология» кафедрасының оқытушысы Роман Кузембаевпен бірге “team-teaching technique” әдісімен студенттерге ағылшын тілінде дәріс берді. Сонымен қатар

Көбірек

Жұбановтардың ғылыми мұралары насихатталды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жұбановтану ғылыми – зерттеу орталығында Жұбановтардың ғылыми мұралары жайында дәріс өткізілді. Дәрісті Жұбановтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхтар Миров жүргізді. Шараға қаламыздағы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледж оқушылары, ұстаздары және филология факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Дәрісті өткізудегі

Көбірек

Профессор А.Мұсаевтың жаңа монографиясының тұсаукесер рәсімі Республика сарайы сахнасында өтті

Жуырда Алматы қаласының Республика Сарайында қазақтың көрнекті ақыны, Мағжан Жұмабаев атындығы сыйлықтың лауреаты Жарасқан Әбдірашевтың туғанына 70 жыл толуына орай ақынды еске алу кеші өтті. Кешке қалың жырсүйер оқырман қауым, жазушылар, ақындар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Тағылымды еске алу кеші аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының

Көбірек

Жеткербай Қайдасов: «Айналамыздың бәрі толып тұрған — геометрия»

Бұл жолғы «Апта таңдауы» айдарымызда физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі Жеткербай Қайдасовпен сұқбаттасудың сәті түсті. Жеткербай Қайдасов маңызы ерекше ғылым геометрия саласын зерттеп, елімізде осы ғылым саласының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген ғалым. Осы саладағы 90-нан астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік, және оқу-әдістемелік еңбектері «Вестник МГУ», «Математические заметки»,  «Фундаментальная

Көбірек

“Құдайберген Жұбанов әлі толық зерттелген жоқ”

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушысы, жұбановтанушы Әлия Ұлықпанованың есімін гуглде терсек, алдына “бастамашыл” деген сөз қосылып жүреді екен. Бекер емес. Жарты сағат деп келіскен сұқбатымыз үш сағатқа жетіп жығылды. Әлия Жолдасқалиқызы Жұбановтар туралы сөз бастаса, көзі жанып, дауысы зорайып, құдды бір диссертация қорғап жатқандай

Көбірек

Жастар Президент бастамаларын талқылады

Ақтөбе облысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру жұмыстары бойынша келген Мәжіліс депутаттары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен, студенттермен кездесті.  Жиында Президенттің бес әлеуметтік бастамасының білім беру саласына, жастарға қатысты тұстары талқыланды. Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаевтың айтуынша, қазір Астанада Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудың алғышарттары жасалып

Көбірек

«Экономика және құқық факультетінің декан кубогі – 2018» алғашқы қазақша КТК ойындары өтті

Жұбанов университетінде белсенді студенттерді қолдау және факультетаралық байланысты нығайту мақсатында алғашқы рет «Экономика факультетінің декан кубогі – 2018» қазақша КТК ойындары өтті. Аталған шарада университетіміздің Педагогика факультетінің «Әйгілі төрттік» командасы, Жаратылыстану факультетінің «FREEDOM» командасы, Техникалық факультеттің «ИТФ құрамасы» командасы, Физика-математика факультетінің «FM» командасы, Тарих факультетінің «Ерекше» командасы, Экономика және құқық факультетінің

Көбірек