Пятница, Май 3, 2024
Басты > pressa (Страница 499)

Жұбанов университетінде Амал мерекесі өтті

Ұлттық мереке, дәстүр, әдет-ғұрыпқа ерекше мән беретін Жұбанов  университеті де Амал мерекесін жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырды. Аталмыш мерекеге арналған шара университеттің Студенттер сарайында «Амалдан амалға аман жетейік!» тақырыбында өтті және шарада өңірдегі жоғары оқу орындарының ректорлары мен қаладағы бірқатар мекемелер мен ұйымдар басшылары, ата-аналар қонақ болды. Амал кеші «Келді,

Көбірек

Ақтөбеде VII Қысқы Универсиада жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды

Кеше түнде Ақтөбе теміржол вокзалынан спортшыларды кәсіби-шығармашылық факультетінің профессор-оқытушылары, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Төлеген Ботағариев, факультет деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Айболат Кангельдин, факультет студенттері және жеңімпаз студенттердің туыстары күтіп алды. «Университет ректоры Бауыржан Ердембеков спорттың дамуына көп көңіл бөліп келеді.  ҚР VII Қысқы

Көбірек

Техника ғылымдарының магистрі Жадырасын Саркулова халықаралық конференцияда қоршаған орта мәселесін көтерді

XXI «Докучаев жастар оқулары» халықаралық конференциясына техникалық факультетінің «Мұнайгаз ісі» кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Жадырасын Саркулова қатысып, «Қоршаған ортаға цинк шығаратын зауыттардың әсері» тақырыбында баяндама жасады. «Докучаев оқулары» Ресей, алыс және жақын шет елдердегі студенттер, магистранттар және университеттер мен ғылыми мекемелердің жас ғалымдарына бағытталған.  Топырақтану ғылымының негізін қалаушы көрнекті

Көбірек

Болгар ғалымы Николай Буюклиев Жұбанов университетінде 10 күн дәріс оқыды

Болгария Республикасынан келген ғалымның бұл университетімізге келген екінші сапары. Бұл жолы да профессор академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келіп отыр. Ана тілінен бөлек орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген Николай Буюклиев қазақстандық студенттерге өз тәжірибесімен бөлісіп, білген-түйгенін үйретуге әркез әзір екендігін айтады. Профессор осы сапарында 10 күн бойы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі

Көбірек

Жұбанов университеті студенті Таисия Дьяченко Дүниежүзілік Универсиадаға қатысады

Студенттердің Дүниежүзілік универсиадасы алдағы күзде Чехияда өтетін болады. Оған жолдама алған Таисия Дьяченко «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті. Ол наурыздың 1-11 аралығында Павлодар қаласында өткен ҚР VII Қысқы Универсиадасында 60 кг салмақта пауэрлифтингтен қатысып, бірінші орны иеленді. Таисиямен бірге Универсиадаға Жұбанов университетінен 12 спортшы-студент қатысты. Олардың ішінде «Дене

Көбірек

«Startup Bolashak – Менің арманым» стартап-жобалар республикалық байқауының ширек финалына Ақтөбе облысынан 27 жоба жолдама алды

Ширек финалға өткен жобалар су құрамын тазалау, ерекше балаларды сауықтыру жолдары, дұрыс тамақтану, балалардың ой-өрісін дамыту бағдарламасы, құрылыс тақырыптарын қамтиды. Байқаудың ширек финалы Астана қаласында өтеді. Жұбанов университеті базасында өткен байқаудың үшінші кезеңі үш күнге созылды. «Startup Bolashak – Менің арманым» стартап-жобалар байқауының үшінші кезеңі ағымдағы жылдың қаңтар айында бастау алды.

Көбірек

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер, білім алушылар!

Сіздерді «Темірқазық» СҚКО мен Халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Мобильдік азаматтар қорында тіркелу» тақырыбында өтетін семинарға қатысуға шақырамыз. Семинарда  сіздерге анықтамаларды алуды жеңілдету және мобильдік қызмет көрсетуді пайдалану жолдары түсіндіріледі. Өтетін орны: Қ.Жұбанов атындағы конференц-зал (№4 лектік аудитория) Уақыты: 13.03.2018 ж. Сағат 16:00 13.03.2018 ж. Сағат 17:00

Көбірек

Ақтөбеде «Startup Bolashak 3 маусым: Менің Арманым» байқауының іріктеу кезеңі өтті

Ақтөбеде «Startup Bolashak 3 сезон: Менің Арманым» республикалық байқауының аймақтық іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Шараның ашылу салтанаты мен іріктеу кезеңі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті базасында өтуде. Жас стартапшылардың байқауының ашылу барысында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ербол  Нұрғалиев жастардың жеке кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. «Тың идеясы

Көбірек

Бүгін Жұбанов университетінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты концерт өтті

  Мерекелік шараны университет ректоры, профессор, профессор Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлы ашып, ол: «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді әлдейлейді дейді. Қазақта бірінші – анаңды, тағы да анаңды, сонан соң әкеңді сыйла деген сөз бар. Бұл ананың құдыреті еселей түсу үшін айтылған сөз.  Төл  тарихымызды  парақтасақ арысы түркі, берісі қазаққа аты

Көбірек