Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Startup Bolashak – Менің арманым» стартап-жобалар республикалық байқауының ширек финалына Ақтөбе облысынан 27 жоба жолдама алды

«Startup Bolashak – Менің арманым» стартап-жобалар республикалық байқауының ширек финалына Ақтөбе облысынан 27 жоба жолдама алды

Ширек финалға өткен жобалар су құрамын тазалау, ерекше балаларды сауықтыру жолдары, дұрыс тамақтану, балалардың ой-өрісін дамыту бағдарламасы, құрылыс тақырыптарын қамтиды. Байқаудың ширек финалы Астана қаласында өтеді.

Жұбанов университеті базасында өткен байқаудың үшінші кезеңі үш күнге созылды. «Startup Bolashak – Менің арманым» стартап-жобалар байқауының үшінші кезеңі ағымдағы жылдың қаңтар айында бастау алды. Байқауды өткізу үшін Қазақстанның 16 аймағынан жоғары оқу орындарының базасы таңдалып алынды. Осыған дейін байқаудың іріктеу кезеңдері Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Қарағанды және Жезқазған қалаларында өткен болатын.

Стартап-жобалар байқауының ашылуына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиев, «Ақтөбе облысы кәсіпкерлікті басқару» басқармасының жетекшісі А.Н.Даржанова, сондай-ақ, Ақтөбе облысының кәсіпкер-тәлімгерлері «Халал» ЖШС директоры А.Т.Сисен, «Ретеил сервис» ЖШС директоры А.Х. Жиенбаева, «Craft» студиясының негізін қалаушы Б.А.Курмашов, кеңес беру агенттіктерінің жетекшілері М.К.Копбергенов пен А.А.Дуйсебаева қатысты.

Байқауға қатысу үшін Ақтөбе облысы бойынша 825 өтініш келіп түскен. Олардың ішінен 210 жоба іріктеу кезеңінде қорғалды.