Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 588)

Пекиндегі қытай байланыс және коммуникация университетінің профессоры университетімізде қонақта

2017 жылдың 3 шілдесінде Пекиндегі Қытай байланыс және коммуникация университетінің профессоры, PhD, Қытай Тіл білімі институты қауымдастығы басқармасының мүшесі, дүние жүзілік қытай тілін оқыту қауымдастығының мүшесі, Қытай қолданбалы тіл қоғамының мүшесі  Син Синь ханым  Конфуций институтына қысқа сапармен қонақ болып келді. Син Синь ханым ғылыми-зерттеу бағытында сөз қозғап, Конфуций институтының

Көбірек

Жаңа кітаптың тұсаукесері

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Ислами жоралғыны шариғатқа сай атқарудың жөн-жосығы жайлы жазылған еңбек қалың жамағатқа таныстырылып, таратылды. Кітап мазмұнында жаназа мен жәрлеу рәсімдерінің бірізді реттілігінен бөлек, садақа дастарқандарында ысырапшылдыққа жол бермеу сынды бірқатар өзекті мәселелер де қатар қамтылған. Шараға қатысқан мемлекет және

Көбірек

Астана вальсі

Елордамыз — Астана қаласына арналып талай тамаша ән-жыр жазылды. Солардың арасында ел-жұрт өте жылы қабылдаған туындылардың бірі — Астананың 10 жылдығына тарту — «Астана вальсі» әні. Астанаға деген үлкен құрметтің көрінісі іспетті осы әннің сөзін жазған — белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ертай Ашықбаев. Әнін жазған — белгілі әнші,

Көбірек

Конфуций институтының астанадағы ресми іс-сапары

2017 жылдың маусым айының соңғы күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі Конфуций институтының ұжымы Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасының Сянган арнайы әкімшілік ауданы үкіметінен бөлініп Егемендік алғанының 20 жыл толуына орай Астана қаласындағы  Пекин ғимаратында өткізілген ресми шараға қатысты. Шараға  Қазақстан мен Қытай мемлекеттері

Көбірек

Диплом тапсыру салтанаты

2017 жылдың  шілде айының 4-і  күні  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларға «Ақ жол, 2017 жыл түлектері!» атты диплом тапсыру рәсімі өтті. Университет магистратурасын 13 мамандықтан 85 түлек бітіріп шықты. Диплом табыстау рәсіміне түлектер, олардың ата-аналары, университеттің басшылары мен университеттің профессор-оқытушылары қатысты. Сарайға

Көбірек

Университеттің конфуций институты «Астана экспо-2017» көрмесінде

Астана қаласына ресми сапармен барған университеттің Конфуций институтының ұжымы осы үлкен мүмкіндікті пайдалана отырып, «Астана Экспо-2017» Бүкіләлемдік Көрмесінің куәсі болды. Конфуций институтының қытай тілі оқытушысы Чжоу Суйфан Астана қаласындағы өткізіліп жатқан Бүкіләлемдік Көрмесінен алған әсерімен бөлісті. Ол: «Біздің әр бір басқан қадамымыздың өзі үлкен толқыныс болды. «Экспо» көрінісі бізге қазіргі Қазақстанның

Көбірек

Университет оқытушылары телеэкранда

Ақтөбелік "Рика-ТВ" телекомпаниясы Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен аптасына бір рет (жексенбі күндері) эфирге шығатын "Алтын қазына" телехабарын түсіріп жүр. Ол бағдарламада тарихи терминдер, қазақ əдеби тілінің қорында бар, архаизмге айналып кетсе де қолданылып жүрген сөздер туралы жан-жақты талдап көрсетеді. "Алтын қазына" бағдарламасының тұрақты сарапшылары ретінде Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ғалымдары,

Көбірек

Елбасы мақаласы талқыланды

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Елбасы мақаласы жас ұрпаққа бағыт береді» атты танымдық кеш өтті. Оған Ақтөбенің зиялы қауымы, мәдениет саласының ардагерлері, ұстаздар қатысты. Шараны Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұқан ашып сөз сөйледі. Кешке арнайы

Көбірек

Орынбор мемлекеттік университетідегі (ОМУ) Халықаралық Жазғы мектеп

2017 жылдың 11-17 қыркүйегі аралығында Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің серіктес жоғары оқу орны Орынбор мемлекеттік университеті ағылшын тілін меңгерген студенттерге Жазғы мектеп ұйымдастырып жатыр. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен Жазғы мектепке Ан Ольга, Биманова Айнур, Ниязова Арайлым, Куйшенова Анара, Блимова Радина қатысады. Халықаралық жазғы мектеп шетелдік студенттердің қатысуымен өтеді. Орынбор мемлекеттік университеті

Көбірек