Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > 2018 > Апрель

Қадірлі әріптестер!

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған, көктемнің көркем мерекелерінің бірі - 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздік деп, Елбасымыз ұлықтағандай сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз. Осы күнге  дейін алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі

Көбірек

Жұбанов университеті  институциалды рейтингтің үздік ондығына (ТОП-10) енуді жоспарлайды

  Бүгін Студенттер сарайында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Аталмыш жиынға облыс және қала әкімдігінің өкілдері, ғылыми кеңес мүшелері, профессор-оқытушылық құрам, демеушілер, жұмыс берушілер, студенттер және ата-аналар катысты. Б.Ердембековтің айтуынша, 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2017 жылы білім алушылардың саны көбейген.

Көбірек

Дөң кен-байыту комбинатына экскурсия жасалды

Жұбанов университетінің «Экология» және «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттері мен магистранттары Хромтау қаласындағы Дөң кен-байыту комбинатына экскурсияға барды. Экскурсия барысында комбинат мамандары студенттер мен магистранттарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, арнайы рұқсатнама беріп, комбинаттың жұмыс жасау барысымен хабардар етті. Сондай-ақ, Дөң кен-байыту комбинатының мамандары студенттер мен магистранттарды өндірістік алаңдарды аралатып, «Молодежный» шахтасы

Көбірек

Дөңгелек үстелде жаңартылған білім бағдарламасы талқыланды

Бүгін информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен педагогикалық ұйым басшылары мен мұғалімдері және кафедра оқытушылары мен педагогикалық информатика мамандығы 3, 4 курс студенттерімен біріге отырып жаңартылған білім мазмұнының идеясын насихаттау, жаңа білім моделі негізінде информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін дамытуға қолдау көрсету мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. «Жаңартылған білім  бағдарламасы негізінде  информатиканы

Көбірек

Жаратылыстану факультетінде аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті

Бүгін жаратылыстану факультетінде «Жаратылыстану және химиялық-технологиялық ғылымдарды дамытудағы жас ғалымдар үлесі» тақырыбында студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция бес бағыт: биологиялық ғылымдар, экологиялық ғылымдар, химиялық ғылымдар, химиялық-технологиялық ғылымдар, географиялық ғылымдар бойынша жұмыс жасады. Конференцияның ашылу салтанатынан кейін факультет деканы М.Ж.Махамбетовтің модераторлығымен өткен пленарлық отырыста

Көбірек

«АБАЙ-ВЕРН» МОБИЛЬДІ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Франция үкіметі Қазақстан азаматтарын «Абай-Верн» бағдарламасының стипендиаты болуға шақырады.  Бағдарлама аясында Қазақстанның Жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан магистранттар мен докторанттарға 100 грант бөлініп отыр. Оның ішінде 90 грант оқудың екінші жылында оқитын магистранттарға, 10 грант докторанттарға арналған. Құжаттарды қабылдау уақыты – 31 мамырға дейін. Бағдарлама туралы толық ақпарат пен құжаттар тізімін

Көбірек

Студенттер діни экстремизм мен терроризмге қарсы

Жақында Жұбанов университетінің № 1 жатақханасының 47 тұрғындары арасында «Дін - білімнің рухани негізі» тақырыбнда түсіндірме ағартушылық әңгіме жүргізілді. Шараны «Құқықтану» кафедрасының доценттері Татьяна Алимпиева және Елизавета Исибаева ұйымдастырды. Сонымен қатар бұл кездесуге арнайы «Аңсар» ақапараттық сараптамалық орталығының бас маманы Мейрамбек Жұмабаев, «Нұр ғасыр» мешітінің имамы Нұрбол Наиб шақырылды. Олар

Көбірек

Жүзуден Ашық чемпионатта Жұбанов университетінің спортшылары жоғары көрсеткішке жетті

   Ағымдағы жылдың 24-27 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында жүзуден Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландиннің қатысуымен Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтті. Іс-шараның салтанатты ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және жүзуден 4 дүркін Олимпиада чемпионы, 6 дүркін әлем чемпионы Александр Попов, Украйнаның жүзуден құрама командасының бас жаттықтырушысы Андрей Сердинов қатысты. Аталған жарысқа Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық

Көбірек