Бүгін Ақтөбе қаласындағы №40 орта мектепте Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті физика-математика факультетінің «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының филиалының салтанатты түрде ашылды. Шара «Информатика» мамандығының 4-курс студенті, жас ақын Әбді Елжас «Арнау» өлеңімен бастады. Филиалдың ашылуы физика-математика факультеті, информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұжымына үлкен қуаныш.
Шарада мектеп директоры Б.У. Сарин, директордың орынбасарлары: А.О.Қалдыбаева, А.Х.Бекмуханова, информатика пән оқытушылары: Н.Р.Бекмухамбетова, М.С.Есбусинова, Н.М.Жаманова, А.Б.Қызылбай, факультет деканы физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Н.Мясникова, кафедра меңгерушісі, ф-м.ғ.к, доцент С.М.Сарсимбаева, әдіскерлер — п.ғ.к., доцент А.М.Байғанова, п.ғ.к, аға оқытушы А.О.Әлиева, техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ж.Қ.Убаева және 5В011100-Информатика мамандығының 3, 4 курс студенттері қатысты.
ЖОО басшылығы атынан мектептегі филиал ұжымына ескерткіш-сыйлық тарту етілді.