Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Доцент Жұмабай Атаниязов Нөкіс қаласында дәріс өткізді

Доцент Жұмабай Атаниязов Нөкіс қаласында дәріс өткізді

2018 жылдың 10-20 қараша айы аралығында  Жұбанов университетінің  «Экономика және менеджмент» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Жұмабай Атаниязов Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің жанында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  «Экономика» мамандығының 3-курс студенттеріне «Шаруашылық қызметті талдау» пәні бойынша  дәріс оқыды.

Дәріс барысында шетелдік студенттер өздерінің қызығушылығын білдіріп, сабақта белсенділік танытты. Сонымен қатар, Жұмабай Атаниязов Нукус қаласында «Хабар» телеарнасында екі елдің арасындағы қарым-қатынас,ғылыми кадрларды даярлау бағытындағы мәселелер туралы сұқбат берді.

Мақсат ШАКИБАЕВ,

аға оқытушы