Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Көңіл айтамыз

Көңіл айтамыз

Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға, қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, тіл білімінің тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбановтың ұлы Асқар Жұбанов дүниеден озды.
Лингвистика ғылымында өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған ғалым, өзіндік мектеп қалыптастырған қазақтың біртуар азаматы келмес сапарға аттанды.
Біртоға, қоңыр мінезді Асқар ағамыздың үлкен — кішіге құрметі ерекше еді. Бойындағы өнері бір төбе. Өмірінің соңына дейін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері болып қызмет етті. Асқар Құдайбергенұлы Жұбановтың дүниеден өтуіне байланысты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұжымы отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.