Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Абай > Абай мұралары кеңінен насихатталуда

Абай мұралары кеңінен насихатталуда

Бастауыш кәсіподақ мүшелері Абайды жаңаша зерделеуге үлес қосуда
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде Биыл Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында көптеген ауқымды істер атқарылды. Оған бастауыш кәсіподақ мүшелері, университет ұстаздары да белсенді атсалысуда.
Университетте Абайтану және ұлттық руханият ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс жасайды. Бұл ғылыми-зерттеу орталығына филология ғылымдарының докторы, профессор Пангереев Абат Шамұлы жетекшілік етеді.
Сонымен қатар, университетте Абай мұраларын жастар арасында насихаттауға көп көңіл бөлінеді. Айталық,биылғы оқу жылында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған республикалық педагогикалық олимпиадаға Қ.Жұбанов университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, бастауыш кәсіподақ мүшесі Ару Тағанованың ғылыми жетекшілігімен Педагогика және психология мамандығының 2 курс студенттері қатысып, Абайдың педагогикалық мұраларын насихаттау мақсатында сахналық қойылым көрсетіп, Абайдың педагогикалық идеяларын пайдалану сабағынан үзінді және «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, жүлделі 3 орынды иеленді.
«Абай мұраларын насихаттау –біздің парызымыз. Абай туындыларындағы басты мәселе-еңбек тәрбиесі. Ол «өзіңе сен, өзіңді алып шығар. Еңбегің мен ақылың екі жақтап,» деп ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып,жастарды еңбексүйгіштікке үндеген, — дейді кәсіподақ мүшелері.

 

http://fprk.kz/kk/