Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > 671 ТАЛАПКЕР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

671 ТАЛАПКЕР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыра алмағандар да кезекті сынаққа кірді.  Бұл жолы негізгі тест кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығып қалған талапкерлер де қатысты. Әйтсе де олар қателіктен сабақ алмағанға ұқсайды. Телефон мен тиым салынған заттарды жасырын қолданғандар ұсталды. Маңызды сынақтың нәтижесі туралы келесі сюжетте.
Тамыздың 17-20 -сы күндері Ақтөбе қаласында тағы да ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. Бұл жолғы емтиханға наурыз айындағы карантинге байланысты өтпей қалған сынақтың талапкерлері мен, маусым айында тестілеудің тәртібін бұзғандар қатысты. Өкініштісі — берілген мүмкіндікті уысынан жіберіп алғандар көп.
Төрт күнге жалғасқан маңызды сынаққа қатысамын деп өтініш білдіргендердің саны 900-ден асып жығылады. Алайда, емтихан күні  оның 759-ы ғана келген. Тәртіп бұзып, аудиториядан шығып қалғандарды есептемегенде 671 талапкер тестілеуді ойдағыдай тапсырды.
Министрліктің бұйрығына сәйкес, сынақтың талапқа сай өтуін «Ақтөбе -адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері бақылады. Ұйымдастырушылар тарапынан кемшілік болмады дейді. Санитарлық талап қатаң сақталған. Антисептик және  бетпердемен қамтамасыз етілді. Өзара арақашықтықты сақтау да естен шықпады. Аудиторияларда бейнекамералар мен арнайы байланыс өшіргіш құралдары бар.
Райгүл Еншібай

http://aktobetv.kz/kz/news/society/671-talapker-test-tapsyrdy#