Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұмыс берушілермен диалог

Жұмыс берушілермен диалог

Жұбанов университетінің физика-математика факультетінде жұмыс берушілермен онлайн-кездесу өтті.

Кездесуде 2021-2025 оқу жылдарына арналған барлық модульдік білім беру бағдарламаларының презентациясы жасалды.Презентация барысында жұмыс берушілердің ұсыныстарына сәйкес модульдік білім беру бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жарияланды.

Кездесуге  факультет деканы, кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларын бағалау орталығының бас маманы, жұмыс берушілер мен  модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қатысты.