Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің магистранттары қатары 356 білім алушымен толықты

Жұбанов университетінің магистранттары қатары 356 білім алушымен толықты

Бірінші курс магистранттары оқу жүйесінің құрылымымен, білім беру бағдарламасын игеруге қойылатын талаптармен танысты. Болашақ ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмысы туралы, атап айтқанда магистрлік диссертацияның орындалу тәртібі, плагиатқа қарсы тексеруге арналған база, магистранттар пайдалана алатын университеттің цифрлық ресурстары және тағы басқа маңызды мәселелер туралы білді.

Бұл туралы университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының директоры Нұргүл Жантуринамен кездесуде айтылды.
Кездесуде сонымен бірге ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін білім алушылар арасында 100 пайыздық вакцинацияның тиімділігі туралы мәселе қозғалды.

Әңгімелесу барысында жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімдерінің басшылары магистратурада білім алу тек теориялық тұрғыдан оқу мен қорғау ғана емес, сонымен қатар білікті маман ретінде қалыптасып, зерттеуші ғалым ретінде өзін одан әрі дамыту мүмкіндігі екендігін атап өтті.