Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жылдың жаңалығы

Жылдың жаңалығы

Жұбанов университетінің студенті, Токио Олимпиадасының қатысушысы, каратэші Нұрқанат Әжіқанов 2021 жылғы Ұлттық спорттық жүлденің «Жыл жаңалығы» номинациясының жеңімпазы атанды.

Жақында каратэші Бірікккен Араб Әмірлігінде өткен әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды. Алдымен Нұрқанат жекелей сында алдыңғы үштіктер қатарына енді.  Содан кейін командалық сында тарихи «қола» жүлдені жеңуге атсалысып, Түркияны жеңуге өз үлесін қосты.

«Мен алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігіне қатысып, жүлдемен оралдым. Бұл менің спорттық мансабымдағы алғашқы және ең үлкен жеңісім болды. Сондықтан бүгінгі жеңіс мен үшін аса маңызды. Еліміздің ең мықты спортшыларымен бір тізімде болу  — үлкен мәртебе. Мұндай сыйлықтар спортшыларды одан әрі шабыттандырады», — деді спортшы өз жанкүйерлеріне алғысын білдіріп.

Айта кетейік, өткен жылы ғана Нұрқанат Әжіқанов Олимпиада ойындарына қатысып, ТМД елдері ойындарының алтынын және басқа да жеңістерді жеңіп алды.

Спортшымызды лайықты марапатымен құттықтаймыз!