Четверг, Май 2, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Олимпиада басталды

Олимпиада басталды

Кеше республикалық пәндік олимпиаданың  ІІ кезеңі (қалалық, аудандық) басталды. 19 ақпанға дейін созылатын шараға 9-11 сынып оқушылары қатысып жатыр. 

Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың жалпы білім беру пәндері бойынша білім деңгейін, қалыптасқан таным-түсінік, интеллектуалдық, логикалық, аналитикалық ойлау шеберліктері мен мәселені қорытып, жүйелі түрде саралай білудегі жүйріктік пен алғырлық, тапқырлық, т.б қасиеттері тұрғысынан өз замандастары арасында бәсекеге қабілеттілік дағдыларын шыңдау.

Қалалық олимпиада №51 гимназия мен №56 орта мектепте офлайн формата ұйымдастырылып жатыр.

Олимпиадаға қатысуға барлығы 1863 өтініш қабылданған. Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша—839, қоғамдық-гуманитарлық цикл бойынша1024 оқушы бақ сынап жатыр.

Тапсырмалар «Дарын» республикалық қосымша білім беру орталығынан жіберіледі. Сондай-ақ шешімдері мен тапсырмалар мазмұны сайта сол күні жарияланады.

Олимпиадаға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, «Білім-инновация» лицей-интернатының кәсіби деңгейі жоғары мұғалімдері қазылық етеді.

Ашықтық және әділдік принциптеріне негізделген олимпиада жұмысын «Ақтөбе-Адалдық алаңы»жобалық кеңсесінің, облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары, қамқоршылық кеңесінің мүшелері бақылайды.

 

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

/aqtobegazeti.kz/