Среда, Май 1, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Мақсат — мемлекетшілдік сананы нығайту

Мақсат — мемлекетшілдік сананы нығайту

Үмбетқан СƏРСЕМБИН,

Қ.Жұбановатындағы Ақтөбе өңірлік университетінің

əлеуметтіксаяси пəндер кафедрасының меңгерушісі,

философия ғылымдарының кандидаты

«Қазақ» газетінің 1918 жылғы бірінші санындағы алаш зиялыларының:«Большевиктер дәурені көпке бармас, бірақ большевиктің ылаңының кесірі тез арыла қоймас. Большевиктер мемлекет ісінің басынан көшер, бірақ көшкенше талайды болдырып, былғап кетер», — деген сөзі расындатарихи шындыққа айналды. Жер-жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік еткен кеңес билігі 1980-жылдардың ортасында үлкен тоқырауға ұшырағанын бүкіл халық алдында мойындады. Бұл әр ұлттық республиканы тізгінді өз қолына алып, болашақ тағдырын өзі айқындап, өзі шешуге деген ұмтылысқа жетеледі. Одақ құрамындағы республикалар өз егемендігін жариялай бастады. 1990 жылы 25 қазандаҚазақ Кеңестік Социалистiк Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы Декларацияқабылданды. Бұл тарихи оқиғаұрпақтар жадында сақталып қана қоймай, оның мәнін, маңызын әрдайым ой елегінен өткізіп, зерделеп отыру қажет.

Соған орай Республика күнін ұлттық мереке ретінде атап өту де егемендігіміз, тәуелсіздігіміз арқылы келген жетістіктерді және алда тұрған міндеттерді зерделеу үшін қажет екені сөзсіз. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бұл күн елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамдарының символы болуы керек.

Тәуелсіздік — кез келген мемлекет үшін ең басты құндылық. Тәуелсіздікке қол жеткізгенмен, бәрі өз орнына оп-оңай келе қоймайды. Тәуелсіздікті сақтау әрі нығайту— ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде табысталып, жалғасып отыратын іс.

Біздің халық патшаның озбыр саясатының, оған жалғас кешегі кеңес билігі тұсындағы ондаған жылдарға жалғасқан қуғын-сүргіннің, әділетсіздіктердің салдарынан ұлттық құндылықтарынан, беткеұстар адамдарынан, яғни барынан айырылды. Ұлттың ғылым-білімін, экономикасын уақыт талабына сай дамытатын қабілетті азаматтарының басым бөлігі сталиндік репрессияның құрбаны болды. Бір сөзбен айтқанда, отарлық дәуірде жоғалтқанымыз ұшан-теңіз. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана осылардың барлығын орнына келтіру қолға алынды. Және тәуелсіздік жылдарында осы бағытта атқарылған істер де, жетістіктер де аз емес.

Республика күнін ұлттық мерекелер қатарында атап өтуде мемлекетшілдікті нығайту мәселесінің де тұрғаны анық. Мемлекетшілдік сана — ұлттық рухтың көрсеткіші.

Қазір мерекеге орай жер-жерде ұйымдастырылатын шаралар жөнінде айтылып та жатыр. Бұл, әрине, керек. Бірақ қандай шара өтсе де, ол қоғамға ой салатын деңгейде болса деп күтеміз. Мерекені атап өту барысында ең алдымен тарихтағы тұлғалар тағылымы кеңінен насихатталса, құба-құп болмақ. Мысалы, өз заманындағы түрлі қиындыққа, тар жол, тайғақ кешуге қарамастан,ұлт болашағы үшін жанкештілікпен күрескен алаш зиялылары ұрпаққа мол мұра қалдырып кетті. Алаш қайраткерлерінің ешқашан ескірмейтін, өзінің өзектілігін, құндылығын жоймайтын мұрасы әлі де кеңінен дәріптелуі тиіс.

Ал бүгінгі жаңа бастамаларға да халықтың қолдауыкерек. Осының бәрін ескеріп, зерделеп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын ұстанымда болсақ, еліміздің ертеңіне деген сенім де нығая түспек. Баршаәлемде геосаяси жағдай ушығып тұрған уақытта, ұлттық мүдде жолында біріккенде ғана кейінгі ұрпаққа пайдалы мұра қалдыра алатынымызды ұмытпайық. Меніңше, егемендікті нығайтудағы тағылым өткенді толық біліп, бүгінгіні дұрыс зерделеуден және болашақ үшін қамданудан туындайтын тәжірибеден құралады. Республика күні сынды маңызды мерекенің мәні де осында болса керек.

 

/aqtobegazeti.kz/