Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > 11 сынып оқушыларына арналған «Zhubanov Олимпиадасы» өтеді

11 сынып оқушыларына арналған «Zhubanov Олимпиадасы» өтеді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде барлық 11 сынып оқушыларына арналған «Zhubanov Олимпиадасы» өтеді. Олимпиада екі кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезеңде бейіндік пәндер бойынша тестілеу, екінші кезеңде практикалық тапсырмалар беріледі. Конкурста барлық облыс, аудан және қала мектептері қатыса алады. Бірінші орын жеңімпазы Қ.Жұбанов атындағы білім беру грантын, екінші орын иегері оқу ақысына 50% жеңілдік, үшінші орын жеңімпазы оқу ақысына 35% жеңілдік иеленеді.

Олимпиадаға қатысу үшін төменде көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, Google формасын толтыру жеткілікті —  https://forms.gle/WsASLLUhZMhsMPib8

Назар аударыңыз! Төмендегідей бағыттар бойынша шығармашылық емтихандар үшін:

  • Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау:

 I кезең — Сурет. II кезең — Кескіндеме.

 Шығармашылық емтиханға өзіңізбен бірге:

  1. Жай қарындаштар жиынтығын (Т, ТМ, М)
  2. Өшіргіш
  3. Акварель бояуы
  4. Қылқалам
  5. Суға арналған ыдыс (акварель бояуы үшін) ала келіңіз.
  • Музыкалық білім:

Қатысушы бір музыкалық шығарма орындайды:

  1. Патриоттық тақырыптағы бір ән
  2. Өз қалауында бір ән

Талаптары:

— патриоттық ән -келесі көрсетілген үш талаптың біреуін таңдап алу:

а) домбыра, қобыз, баян, фортепиано т.б. аспаптарының бірімен шығарма орындау;

ә) жоғарыда көрсетілген аспаптардың бірімен өзін-өзі сүйемелдеп ән айту;

б) -1 фонограммасының сүйемелдеуімен ән айту.

  • Хореография:

Қатысушы бір би композициясын орындайды:

  1. хореография бағытында кез-келген би этюдін көрсету;
  2. өз қалауында әр түрлі халықтардың билерін орындау

Талаптары:

— фонограмма, костюм, реквизит, өнер көрсету 4 минуттан аспау керек

Мәдени-тынығу жұмысы:

Қатысушы орындайды:

  1. Өлең, қара сөз, диалог оқу
  2. Еркін тақырыпта өз өнері (ән орындау, аспапта шығарманы орындау, актерлік шеберліктерін көрсету

Талаптары:

— көрсететін өнерді-келесі көрсетілген үш талаптың біреуін таңдап алу:

а) қара cөз оқу, шығарма орындау;

ә) диалог оқу;

б) өлең оқу.

11(12) СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖҰБАНОВ ОЛИМПИАДАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ