Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

Бүгін білім мен ғылымның іргелі ордасының ажарын айшықтай түскен күн болды. Аулаға тігілген әсем киіз үй, қазанда қайнаған наурыз көже, иісі бұрқыраған бауырсақ, қазақы нақышта киінген университеттің профессор-оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушылары –этнотимбилдингтің керемет көріністері болды.

Жұбанов университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлау басталып кетті. Оқу орнының барлық ғимаратында да мерекелік көңіл күй орнады. Университет Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова әр факультетті аралап, ұлтымыздың ұлық мерекесімен құттықтады.

Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама мерекенің сәнін аша түсті. Сондай-ақ, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сыр шертетін ұлттық ойындар ойнатылды. Жиналғандар арқан тарту, гір көтеру, қол күресі секілді ойындарға қатысып, жүлдегерлерге сыйлықтар берілді.

Сонымен қатар дастарқандағы ас мәзірінен ауыз тиіп, бір-біріне жақсы тілектер айтылды.

Көрісу күнінде Наурыз мейрамы тағылым мен тәрбиенің қарашаңырағында ерекше сән-салтанатымен атап өтілді.