Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Университеттердің жанынан Карьера орталықтары ашылады

Университеттердің жанынан Карьера орталықтары ашылады

Университеттердің жанынан Карьера орталықтары ашылады. Бұл туралы Халықтың табысын арттыру бағдарламасын таныстырған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бағдарламадағы ең үлкен бағыттарымыздың бірі — жастар. Жастарға қатысты нақты жобалар бар. 160 мың жас «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» жобаларымен, 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде гранттармен қамтылатын болады. Жұмыс істеймін деген жастарға үлкен мүмкіндік боларына еш күмәнім жоқ», — деді Үкімет басшысының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, елімізде 700-ге жуық колледж бар. Осы колледждер жанынан студенттерге тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін 100 шағын кәсіпорын ашылады.

Сонымен қатар 103 Карьера орталығы құрылады. Бұл бірінші рет енгізіліп отыр. Бүгінде бірде бір жоғары оқу орнында мұндай орталық жоқ. Енді оқытып, қолына диплом беріп, қай жерге жұмысқа баратынын анықтамай нақты жастардың жұмысқа орналасуына осы Карьера орталықтары көмектеді», — деді Ералы Тоғжанов.

/www.inform.kz/