Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жастар саясаты – жастардың қолында

Жастар саясаты – жастардың қолында

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті директоры болып Жұбанов университетінің түлегі Адельбек Бертлюев тағайындалды.
Адельбек Жұбанов университетін 2019 жылы инженер-металлург мамандығы бойынша тәмамдаған. Университеттің магистратурасында әрі қарай білімін жалғастырып, 2021 жылы техника ғылымдарының магистрі атанды.
Ол университетте оқып жүргенде-ақ белсенді, үздік студенттердің бірі болды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркияның Сакария университетінде білімін жетілдіріп келді. «Жұбанов университетінің Жыл белсендісі 2016», «Жыл студенті 2018» атағының, «Үздік студент» медалінің иегері, «Bastau Camp» жазғы кәсіпкерлік мектебінің түлегі.
Университетті бітіргеннен кейін Ғылым және инновациялар департаментінің маманы болып қызмет атқарды. 2019 жылдан бастап Ректордың көмекшісі болып жұмыс істеп келді.