Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Білім > Сертификат табысталды

Сертификат табысталды

Жұбанов университетінде ағылшын тілі курсын тәмамдаған оқытушылар мен қызметкерлерге сертификат табысталды.
Университет ректоры Лаура Қарабасова үш айға жуық уақытта ағылшын тілінен біліктілігін арттырған әріптестерін құттықтап, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, университеттің 30 оқытушысы мен қызметкерлері Elementary A2 және Pre-intermediate B1 деңгейлері бойынша сәуір айының 18-нен бастап 30 маусым аралығында университет есебінен ағылшын тілі курсын оқыды.

Сабақты коммуникативті әдістемені шебер меңгерген халықаралық сертификат иегерлері жүргізді.