Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Облыс әкімі студенттермен кездесті

Облыс әкімі студенттермен кездесті

Облыс әкімі өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждің белсенді студенттерімен кездесті.

Жүздесуде облысымызда атқарылып жатқан игі істер мен алдағы жоспар жайы айтылды. Жаңа жобаларды іске асыруда жастардың да қосар үлесі зор.

Айта кетейік, бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында келер жылы Жұбанов университеті базасында Хериот-Уотт университетінің филиалы ашылмақ. Әрі «Жаңа мамандықтар атласы» оқу бағдарламаларына енгізіледі. Бұл студенттердің оқып жүріп, табыс табуына зор септігін тигізетін жол. Бұдан бөлек технопарк, қаланың бес шағын ауданында тәулік бойы жұмыс істейтін креативті орталықтар іске қосылады.

Әнші Димаш Құдайбергенге арналған фан-алаңдарда шығармашыл-талантты жастардың одан әрі дамуына барлық жағдай жасау жоспарланып отыр.

Шара соңында Ералы Тоғжанов өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген студенттерге алғыс хат табыстады.