Четверг, Май 2, 2024
Басты > Білім > Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

2022 жылдың 23-25 қараша аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 10 білім беру бағдарламасына Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тарапынан аралас форматта (on-line және off-line)  мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілді.

Аккредиттеу рәсімінің мақсаты – білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органы тарапынан жүргізілетін бағалау процесі. Дәлірек айтсақ, мамандандырылған аккредиттеу барысында университеттегі білім беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру, білім бағдарламаларының сапасы мен жалпы білім беру қызметінің мемлекеттік стандарттарға және нормативтерге сәйкестігі бағаланады.

Аккредиттеу жүргізілген білім бағдарламалары:

  • 6В01706-Шетел тілі: екі шетел тілі;
  • 6В02302-Аударма ісі;
  • 6В02303-Шетел филологиясы;
  • 7M01706-Шетел тілі: екі шетел тілі;
  • 6В01707-Ағылшын тілі және информатика;
  • 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті;
  • 6В01705-Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті;
  • 6В01102-Психология және білім беру менеджменті;
  • 6В03102-Клиникалық психология;
  • 6В01401-Музыкалық білім.

Аталған рәсімді агенттік тарапынан тартылған отандық және шетелдік сарапшылар сараптау тобы жүзеге асырды.

Комиссия төрағасы: Табишев Тимур Арсенович (Х.М. Бербеков атындағы Кабардино-Балқар мемлекеттік университеті, Нальчик қ., РФ).

АРТА/IAAR координаторы: Назырова Гульфия Ривкатовна (АРТА сыртқы сараптау комиссияларын қалыптастыру бойынша жобаның басшысы, Нұр-Сұлтан қ.).

Сарапшылар: Мамедова Валида (Әзірбайжан мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Баку қ., Әзірбайжан Республикасы), Бойко Светлана Леонидовна (Гродно мемлекеттік медицина университеті, Гродно қ.), Беларусь Республикасы), Бурбекова Сауле Жорабековна (Astana IT University), Мирзоева Лейла Юрьевна (Университет Сулеймана Демиреля), Адилова Алмагуль Советовна (Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), Мамырханова Жамиля Темиргалиевна (М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ), Калиакбарова Ляйля Тайтолеуовна (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Толеубаева Акнур Мухитовна (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Боброва Валентина Владимировна (Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті).

Сарапшы-жұмыс берушілер: Бурумбаев Азамат Серикович (Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы), Джагипарова Гульмира Зейнуловна (KT Cloud lab. коммерциялық блок басшысы).

Сарапшы-студенттер: Гавриленко Ирина (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Ахметова Асылжан (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Омарова Адель (С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті), Сисенова Жаннур (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Жакенова Рабига (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Алмуханов Аблайхан (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті).

Сыртқы сарапшылар университет проректорларымен және құрылымдық бөлімдер басшыларымен, факультет декандарымен және бітіртуші кафедралар меңгерушілерімен сұхбаттасу жүргізді. Университеттің материалдық-техникалық базасы мен білім беру бағдарламаларын визуалды аралау жүзеге асырылды. Сонымен қатар, аккредиттелетін білім бағдарламалары бойынша кафедра құжаттарының стандарттарға сәйкестілігін тексеріп, сабақтарға zoom платформасы арқылы, жеке барып қатысты, студенттермен, магистранттармен, ПО құрамымен, түлектермен, жұмыс берушілермен кездесу өткізіп, олармен еркін тақырыпта on-line және off-line сұхбаттасты. Cұхбат барысында жұмыс тобы тарапынан берілген сұрақтарға барлық қатысушылар қанағаттанарлық деңгейде жауап берді. Сарапшылар сұхбаттасу нәтижесінде қатысушылардың бұл үдеріске үлкен жауапкершілікпен қарағандарына ризашылығын білдіріп, университет пен түлектер, жұмыс берушілер арасындағы кері байланыс тиісті деңгейде екендігін атап көрсетті.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі аясында сыртқы сарапшылар аккредиттелетін білім бағдарламаларының келесі практика базалары мен кафедралардың өндірістегі филиалдарын көрді:Ақтөбе гуманитарлық колледжі, №40 орта мектебі.

Бағалау нәтижесінде сарапшылар тобы университет проректорларымен және білім бағдарламаларының басшыларымен кездесіп, аккредиттеу рәсімі аясында өткен шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап, алғыстарын білдірді. Мамандықтардың аккредиттелу мерзімі алдағы уақытта өтетін АРТА Аккредиттеу кеңесінде анықталатын болды.

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламалары аккредиттеуден өткізілді. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.