Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жатақхана тұрғындарымен ашық әңгіме алаңы өтті

Жатақхана тұрғындарымен ашық әңгіме алаңы өтті

Жатақханада тұратын студентті не мазалайды? Білім алушылар сабақтан бос уақыттарын қаншалықты тиімді пайдаланып жүр?

Осы және өзге де мәселелер бойынша жатақхана тұрғындарының сауалдары мен ұсыныстарын тыңдау мақсатында университет ректоры Лаура Қарабасова бүгін Жастар үйі және №1 жатақханада тұратын студенттермен кездесу өткізді.

Университет басшысы студенттердің тұрмыс жағдайын білу үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге білім алушылардың қауіпсіздігі, өзара жайлы қарым-қатынасты қалыптастыру мәселелері жайында тоқталып, барлық сауалдар мен ұсыныстарды тыңдауға дайын екендігін айтты.

Кездесу барысында жатақханада тұрып жатқан студенттердің тәртіп сақтау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сабаққа дайындалуы туралы мәселелер қозғалды. Білім алушылар жатақханадағы өмір мен ондағы жасалған жағдайларға тоқталды. Сондай-ақ, осы тарапта туындаған сауалдарын қойып, өз идеялары мен пікірлерін,  ұсыныстарын жеткізді. Ректордың студенттік кездері, бастан кешкен қызықты оқиғалары жөнінде де қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Оқу орнының басшысы қойылған әрбір сұрақ пен өтініш ескерілетінін және де тиімді шешімдер қабылданатынын жеткізді.

Жатақханадағы «Ректор сағаты» ертең №2 және №3 жатақханаларда жалғасады.