Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Қазақстандағы ЖОО-ларда Цифрлық университет моделі енгізіледі

Қазақстандағы ЖОО-ларда Цифрлық университет моделі енгізіледі

Еліміздегі бір жоғары оқу орнының базасында «Цифрлық университет» моделін енгізу бойынша айрықша жоба іске асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саланы цифрландыру аясында министрлік «Цифрлық университет» моделін енгізуді жоспарлап отыр. Цифрлық университет моделін құрудың негізгі мақсаты — цифрлық технологиялар арқылы университеттегі негізгі және басқару процестеріне өзгеріс енгізу. «Цифрлық университет» моделі білім беру процесіне ең заманауи технологияларды енгізуді, онлайн-платформаларды кеңінен пайдалануды, жекелеген білім беру салалары бойынша курстар мен жаңа форматтарды енгізуді көздейді», — деді Камиль Ақатов.

Оның айтуынша, «Цифрлық университет» моделі 4 негізгі бағыттан тұрады. Олар — деректерге негізделген басқару жүйесі, цифрлық білім беру технологиялары, жекелеген білім беру салалары мен цифрлық экономиканың құзыреті.

Вице-министр бұл жобаны іске асыру жоғары білім берудің цифрлық экожүйесін құруда серпіліс беретінін атап өтті.