Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қасиетті рамазан айы басталды

Қасиетті рамазан айы басталды

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды

Біздің халқымыз рамазан айын ежелден ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп қадірлеген. Ал мереке күндері ағайын-жұрт бір-біріне «айт қабыл болсын» айтып, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнаған. Ағайын-туысқа айттап бару, балалар мен қадірлі қонақтарға айттық беру – сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан игі дәстүр.

Ораза тұту — игі мұсылман қауымының бес парызының бірі. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы — бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді. Сәресін ішу таң намазының уақыты кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.

Күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады. Ораза айт 21 сәуірге, ал Қадір түні 18 сәуірге қараған түні түседі. Үш күнге созылатын Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға келеді.

Оразаларыңыз қабыл болсын!