Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > DevFest Aktobe техникалық конференциясы өтті

DevFest Aktobe техникалық конференциясы өтті

Қ.Жұбанов университетінде Google Developer Groups (GDG) қауымдастығы ұйымдастырған DevFest Aktobe техникалық конференциясы өтті.

Ұйымдастырушылар бұл іс-шараны жергілікті қауымдастық әзірлеушілерінің қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып өткізеді.

DevFest ұйымдастырушылары әрбір кездесуді жергілікті құрастырушылардың қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырады. Практикалық тәжірибелерге, эксперттер жасайтын техникалық баяндамаларға қатысқан DevFest қатысушылары Google құралдарының көмегімен инновацияларды құруды және пайдалануды білетін болады.

Конференцияны Ақтөбедегі Google (Google Developer Student Clubs) студенттік әзірлеушілер клубының өкілдері болып табылатын «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенттері Сабина Кубиева мен Артем Хайруллин ұйымдастырды.

Конференцияда Орталық Азия мен Моңғолиядағы Google компаниясының байланыс жөніндегі үйлестірушісі Асқар Айтуов, Huawei компаниясының Машиналық оқыту бойынша жетекші инженері Дмитрий Хизбул, Мәскеу физика-техникалық институтының ғылыми бағдарламалау орталығының директоры Александр Нозик тәжірибелерімен бөлісті.