Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Диссертациялық кеңес ашылды

Диссертациялық кеңес ашылды

Жұбанов университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «Пәндік мамандырылмаған мұғалімдерді даярлау бағыты» және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес  ашылды.

Диссертациялық Кеңесте тек өзіміздің оқу орнының докторанттары ғана емес, басқа оқу орындарының түлектері де диссертациялық жұмыстарын қорғай алады.

Айта кетейік, осыған дейін Жұбанов университетінде «Филология», «Физика», «Математика» бағыты бойынша үш диссертациялық кеңес өз қызметін жүзеге асырып келді.  Осы кеңестерде 10 докторант өз диссертациялық жұмыстарын қорғады.  Оның тоғызы комитет тарапынан бекітіліп, PhD дәрежесіне ие болды. Жақында қорғаған оныншы докторант комитет шешімін күтуде.