Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Білім > Студенттер педагогикалық озық тәжірибелерімен бөлісті

Студенттер педагогикалық озық тәжірибелерімен бөлісті

Бүгін Жұбанов университетінде «Үйрен-бөліс» жобасының 2022-2023 оқу жылы бойынша қорытынды іс-шарасы өткізілді.

Шараға Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, университеттің профессор-оқытушылары және жобаға атсалысқан білім алушылар қатысты.

Іс-шарада жобаға қатысқан 3-4 курс студенттері Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен педагогикалық озық тәжірибелерімен, үйренген заманауи әдіс-тәсілдерімен 1-2 курс студенттерімен бөлісті. Олар жобаның маңыздылығы, қандай мүмкіндіктерге жол ашқаны туралы ойларымен бөлісіп, талқыға салды.

Айта кетейік, «Үйрен-бөліс» жобасының мақсаты — Назарбаев Зияткерлік мектебімен ынтымақтастық аясында білікті педагогикалық кадрларды дайындауда білім беру жүйесіне дуалды оқытуды енгізу болатын. Бұл жоба университетте 2017 жылдан бастап бастауын алды. Назарбаев зияткерлік мектебімен серіктестікте жүзеге асқан жоба аясында көптеген студенттер тәжірибе жинақтады. Олар Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибелі мұғалімдерімен бір командада жұмыс жасап, кәсіби дағдыларын жетілдірді.