Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінің студенттері «BigIdeasCamp-2023» жазғы кәсіпкерлік мектебінде грант жеңіп алды

Жұбанов университетінің студенттері «BigIdeasCamp-2023» жазғы кәсіпкерлік мектебінде грант жеңіп алды

Жұбанов университетінің бір топ студенттері «BigIdeasCamp-2023» жазғы кәсіпкерлік мектебіне қатысты.

Кәсіпкерлік мектебінде қатысушыларға тренингтер, мастер-класстар, арнайы шақырылған спикерлердің, бизнес-тренерлер мен бизнесмендердің дәрістері, тәлімгерлермен жеке жұмыс және «отырып, орында» режимінде практикалық жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар олар өз бизнесін немесе стартап жобасын жүзеге асыру үшін грант алу мүмкіндігіне ие болды.

Кәсіпкерлік мектебі байқауы нәтижесінде Жұбанов университетінің студенттері Ердәулет Айтмағамбет және Мади Жанболатов «GAZ – O – BAND» атты жобасымен бас жүлдені жеңіп алып, жобасын дамыту үшін ақшалай грантпен марапатталды.

Айта кетейік, аталған жобаны ERG компаниясы (Еуразиялық Топ) Almaty Management University Кәсіпкерлік және инновация мектебімен, Тель-Авив университетінің достар Қауымдастығымен серіктесе отыра «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының аясында ұйымдастырды.