Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде әскери тақырыптағы жиын өтті

Жұбанов университетінде әскери тақырыптағы жиын өтті

Бүгін Жұбанов университетінің педагогика және білім берудегі менеджмент факультетінде «Әскери қызметшілердің мінез-құлқының бағыттылығын анықтау және өткен оқиғаға психологиялық талдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шара Жұбанов университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаменті арасындағы меморандум аясында ұйымдастырылды.

Жиынға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері және университеттің профессор-оқытушылары қатысты.

Басқосуда әртүрлі психикалық және мінез-құлыққа қатысты туындайтын проблемаларды шешу жолдары, қазақстандық жастар арасындағы лудомания мәселелері талқыланды. Сараптамалық алаңда ҚР ҰҚК ШҚ Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің бастығы полковник Бауыржан Рысбеков «Әскери  ортадағы кездесетін құқық бұзушы ситуациялар», «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының аға оқытушылары Әлия Утеуова «Орын алған оқиғаға психологиялық анализ  жасау», Бауыржан Жүсіпов «Әскери кызметшілердің мінез акцентуациясын анықтау» тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады.