Среда, Май 1, 2024
Басты > Жастар саясаты > Талантты жастардың шығармашылық көрмесі

Талантты жастардың шығармашылық көрмесі

Жұбанов университетінің «Art House» студенттік клубы Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойына орай «Көркейе бер, Ақтөбем» атты сурет көрмесін өткізді.

Көрмеге студенттердің Ақтөбенің көркем табиғаты мен әсем жерлерін бейнелеген және университет ғимараттары, тұлғалар туралы 30-қа жуық туындылары қойылды.

«ArtHouse» студенттік клубының жетекшісі Адэлья Кенжебекова шығармашылық туындылар арқылы Ақтөбе қаласының әсемдігін көрсеткілері келгендігін айтады.
– Осы уақытқа дейін біздің клубтың ұйымдастыруымен «Нәзік жүректер нақышы», «Sol bir beine», «Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес», «Әлемді бізбен таны», «Сюреализм, абстракция», «Мың тағзым сізге, дәрігер!» тағы басқа әртүрлі тақырыптарда көрмелер өткізілді. Осы жолы қаланың 155 жылдығына орай да өз үлесімізді қосқымыз келді, — дейді Адэлья.