Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің жас мамандары Өңірлік кадр резерві жобасымен танысты

Жұбанов университетінің жас мамандары Өңірлік кадр резерві жобасымен танысты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Саида Садуақасова Жұбанов университетінің жас мамандарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ол өңірлік кадр резервіне іріктеу кезеңінде жүзеге асатын базалық бағыттарды, шарттары мен негізгі талаптары жөнінде баяндады.
— Бұл елімізде бірінші рет қолға алынып жатқан жоба. Басты мақсат – мемлекеттік қызметке кәсіби білікті, шығармашылық әлеуеті жоғары, талантты жастарды тарту, жас басқарушылардың пулын қалыптастыру. Бұл жоба жастарымызға берілген үлкен мүмкіндік, — деді Саида Садуақасова.

Өңірлік кадрлық резервке іріктеу 1 наурыздан басталады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 3 жылдық жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Жалпы іріктеу бес кезеңнен тұрады. Әр кезеңде арнайы жасақталған комиссия мүшелері қатысушыларға жан-жақты бағыт бойынша жұмыс жүргізіп, саралайды. Алғашқы құжат қабылдау кезеңі 1-31 наурыз аралығында өтеді. Үміткерлер құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz сайтына тапсыра алады.