Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінің босаған мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды

Жұбанов университетінің босаған мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен 2023-2024 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  алу процесінде босаған бос білім беру гранттарының иегерлері анықталды.

Бүгін университет басшылығы байқау жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тіледі. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова босаған білім гранттарына  GPA жоғары студенттер қол жеткізгенін және байқаудың ашық форматта өткенін атап өтті.

Айта кетейік, республикалық бюджет есебінен мемлекеттік білім гранттары бойынша ваканттық орындарға өтініш берушілер тізімі университеттің ресми сайтында жарияланды.

Қабылданған 200-ге жуық өтініш берушілердің ішінен Жұбанов университетінің 59 білім алушысы босаған білім гранттарының иегері атанды. Олардың ішінде үш магистрант және 56 бакалавриат бойынша білім алушылар бар.

Грант иегерлерін құттықтаймыз!

бакалавриат бойынша грант иегерлерінің тізімі

магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі